г Атырау ул Ж Молдагалиева 29 +77122458567 +77752808010 atyraureklama@mail.ru
ЖАҚСЫЛЫҚОВ АРЫСТАНБЕК БАҒДАТҰЛЫ

Арыстаным, айбарлы ұлым менің
Кетеріңде Сен маған күлімдедің.
Сағындым ғой өзіңді, жаным балам
Өкініштен өзегім өртенді менің.

Сен өмірге келгеніңде күз айында,
Жауындатып,жерге нұрын төккен еді.
Сұм ажалдың ақ Жайықтан келгеніне,
Күрсіндірді өмір мені өкпелетті.

Өкпеледім суық хабар келгеніне,
Суық күні толқындар тербегенде.
Жер бетін қара басты,ажал құшты,
Жаным менің сенімен бірге ұшты.

Өмір сынақ, дүние жалған,дегенменен,
Жер бетін басып жүрмін елеңдеумен.
Алланың сүйікті құлысың Сен,
Қауышармыз бір күні сеземін мен.

Тағдырдың дегеніне бағынамыз,
Сағынамыз,қайтеміз сағынамыз.
Қалды артыңда анаңмен, бауырларың,
Желеп-жебеп жатқайсың жапырағым.
Шаңырағымызға кенеттен түскен орны толмас ауыр қайғымызға ортақтасып, демеу болған ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, ұжымдастарымызға, барша ауылдастарға әулетіміздің атынан ризашылығымызды білдіре отырып, аяулы ұл, қимас бауыр, Жақсылық немересі
ЖАҚСЫЛЫҚОВ АРЫСТАНБЕК БАҒДАТҰЛЫНЫҢ
дүниеден озғанына 100 күн толу қадесі 5 қазан күні "Сұлтан Палас" мейрамханасында жайылатынын хабарлаймыз.
Дұға сол жерде оқылады.
Анасы Дәреже,
Бауырлары

Ардақты әке, асыл жар, қимас бауыр, немере-жиендерінің сүйікті атасы
САРСЕМБАЕВ ЕСЕНГЕЛДІ БАЗАШҰЛЫНЫҢ
дүниеден озғанына 100 күн толу дұға дастарханы 5-ші қазан күні сағат 11.00-де Мақат кенті (кіші) «Залина» мейрамханасында жайылатынын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Еске алушы: Сарсембаевтар әулеті, зайыбы Куляш, балалары.

Әрқашан да «Ана» аты биік екен,
Ойлағанда көзіңе тамшылап жас келеді екен.
Бейнесі сағынғанда жанға медет,
Анасыз өмір сүру қиын екен.

Демеу едің қорған едің жанымызға,
Бақыт тілеп жүретінсің жолымызға.
Ана едің ұл-қыздарыңды аялаған,
Пана едің бір отбасын саялаған.

Дана едің, пәк едің, қамқор едің,
Ешкімнен қолда барын аямаған.
Әрқашан өшпейтінсіз санамыздан,
Айырылдық қой қамқоршы панамыздан.

Аяулы ана, асыл жар, қадірлі келін, сүйікті оқытушы
УНДАСИНОВА АНЖЕЛЛАНЫҢ
дүниеден озғанына жыл толу дұға дастарханы 5-ші қазан күні сағат11.00-де Мақат кенті «Бақ-Ырыс» мейрамханасында жайылатынын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Еске алушы: енесі-Фаузия, балалары, бауырлары.

Аяулы анамыз, немере-жиендерінің сүйікті әжесі
САМАЛИХОВА БАҒЫТ ӘМІРҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ
дүниеден озғанына 100 күн толу дұға дастархан 28 қыркуйек күні өз шаңырағында жайылатынын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Еске алушы: балалары
Мекен-жайымыз: Доссор кенті, Құрылысшылар көшесі № 168 үй.

Страница 1 из 3