г Атырау ул Ж Молдагалиева 29 +77122458567 +77752808010 atyraureklama@mail.ru

Өмірхал Шыңғыс Алшынұлы

Жан әке, мәуе бағым, асқар тауым,
Панаңда еш алаңсыз саяладық.
Кім ойлаған мынау тағдыр торабында,
Бір күні кеп найзағай жарқылдарын...
Сіз жерленген сол күннен дертті болдық,
Біз түгіл жылап тұрды-ау көк түнеріп.
Жеткізген бес баланы, қайран әке,
Жете алмай көп арманға кеттің ерте.
Кеттіңіз сол күйі сіз тіл қатпастан,
Кім-кім де сұм ажалдан құтылмаған.
Ішінде бес баланың отырса да,
Іздейді жалғызсырап аяулы анам.
Кеп жатыр құрдастарың көңіл айтып,
Ағайын, құда-жекжат басу айтып.
Орныңыз ойсырап тұр төрімізде,
Құран оқып, дұға сізге бағыштадық
ЖАНЫҢ ЖӘННАТТА БОЛСЫН, ЖАН ӘКЕ!
Әулетіміздің асқар тауы, адал жар, қимас бауыр, немере-жиендерінің сүйікті атасы
ӨМІРХАЛ ШЫҢҒЫС АЛШЫНҰЛЫНЫҢ
100 күндік дұға дастарханы 4 қазан күні сағат 10.00-де "Хан-Шах" мейрамханасында жайылатынын барша жамағатқа хабарлаймыз. Дұға сол жерде оқылады.

Өтетін орны: "Хан-Шах" мейрамханасы.
Шақырушы: зайыбы, балалары.