г Атырау ул Ж Молдагалиева 29 +77122458567 +77752808010 atyraureklama@mail.ru

Жан әке, мәуе бағым, асқар тауым,
Панаңда еш алаңсыз саяладық.
Кім ойлаған мынау тағдыр торабында,
Бір күні кеп найзағай жарқылдарын...
Сіз жерленген сол күннен дертті болдық,
Біз түгіл жылап тұрды-ау көк түнеріп.
Жеткізген бес баланы, қайран әке,
Жете алмай көп арманға кеттің ерте.
Кеттіңіз сол күйі сіз тіл қатпастан,
Кім-кім де сұм ажалдан құтылмаған.
Ішінде бес баланың отырса да,
Іздейді жалғызсырап аяулы анам.
Кеп жатыр құрдастарың көңіл айтып,
Ағайын, құда-жекжат басу айтып.
Орныңыз ойсырап тұр төрімізде,
Құран оқып, дұға сізге бағыштадық
ЖАНЫҢ ЖӘННАТТА БОЛСЫН, ЖАН ӘКЕ!
Әулетіміздің асқар тауы, адал жар, қимас бауыр, немере-жиендерінің сүйікті атасы
ӨМІРХАЛ ШЫҢҒЫС АЛШЫНҰЛЫНЫҢ
100 күндік дұға дастарханы 4 қазан күні сағат 10.00-де "Хан-Шах" мейрамханасында жайылатынын барша жамағатқа хабарлаймыз. Дұға сол жерде оқылады.

Өтетін орны: "Хан-Шах" мейрамханасы.
Шақырушы: зайыбы, балалары.

Аяулы да ардақты анамыз, немере-жиендерінің, шөберелерінің сүйікті әжесі, Имашев Көпен зайыбы
ЖАҚСЫМБЕТОВА ЖАРЫЛҒАСЫННЫҢ
40 күндік қадесі 5 қазан күні сағат 10.00-де болатынын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Мекен-жайымыз: Құлсары қаласы, 6-ауыл, №125 үй.
ИМАШЕВТАР әулеті.

Қимас бауыр, асыл жар, аяулы әке
ЖҰМАБАЕВ ТҰРҒАЛИ (ТҰРАН) ТЫНЫШБЕКҰЛЫНЫҢ
өмірден өткеніне 40 күн толу қадесіне арналған дұға дастарханы 6 қазан күні сағат 10.00-де жайылатынын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Мекен-жайымыз: "Автожолшылар", А.Қауқаев көшесі, №157.
Шақырушы: балалары, ЖҰМАБАЕВТАР әулеті.

Асыл апа, асыл әже аяулы,
Біздер үшін бәйтерек ең саялы.
Жүрек аңсап, іздегенде өзіңді,
Енді бізге кім құшағын жаяды?
Жан едіңіз мейірімді, ақжарқын,
Ойлай білген әрқашанда алды-артын.
"Апа деген үндеріңнен айналдым",
Деп тұратын әлі есте мәз қалпың.
Кеудемізге сағыныш-құс тыраулап,
Жүрек қалар сені ойласақ бір аунап.
Асыл апа, асыл әже, өзіңді,
Еске алмақпыз рухыңа дұға арнап.
Карабалин Ғалымжан зайыбы, аяулы анамыз, асыл әжеміз
ЖАКУПОВА АЛУА ЖАҚЫПҚЫЗЫНЫҢ
40 күндік қадесі 12 қазан күні сағат 10-да болатынын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Мекен-жайымыз: Құлсары, Мешіт ауылы, №118 үй.
Шақырушы: балалары, КАРАБАЛИНДЕР әулеті.

Страница 1 из 2